Қытайда қуатталатын электр көліктері көп сатылған

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың алғашқы екі айында Қытайда жаңа қуат көздерімен жұмыс істейтін ескі көліктердің сатылымы 154 мыңнан астам бірлікті құрады. Бұл туралы Қытай автомобиль дилерлері қауымдастығының (CADA) хабарламасында айтылған.

автомобили
Фото: freepik.com

«Екі айдың ішінде елде жаңа қуат көздерімен жұмыс істейтін ескі көліктердің сатылымы 154,2 мың дананы құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 83,3%-ға артық», - делінген CADA хабарламасында.

Қауымдастықтың мәліметінше, 2,89 млн-ға жуық ескі көлік сатылды, бұл операциялар бойынша жалпы сома 27,6 млрд долларды құрады. 

Қытайдағы көлік иелерінің саны 340 млн-ға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ел әлемде бірінші орында тұр. 

2024 жылдың наурыз айында Қытайдың жаңа электр көліктерін шығаратын ірі өндірушілерінің сатылымы өсті. 

Қауымдастықтың мәліметінше, 2023 жылдың соңында Қытайдан автомобиль экспортының жиынтық құны 100 млрд доллардан асты.