Қытайда Іле Қазақ автономиялы облысының 70 жылдық мерейтойы аталып өтті
ҚҰЛЖА. KAZINFORM — Қытайдағы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылуының 70 жылдық мерейтойы Құлжа қаласында салтанатты түрде атап өтілді.
ts.cn порталының хабарлауынша, шараға Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комиссиясы және Қытай мемлекеттік кеңесі құттықтау хатын жолдады.
Қытай орталық үкімет өкілдері және жергілікті басшылар сөз сөйлеп, Іле Қазақ автономиялы облысының 70 жылдық даму тарихын жоғары бағалады.
Айта кетейік, Іле Қазақ автономиялық облысы Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялық облыс. Қазіргі облыс әкімі Ершат Тұрсынбайұлы.
Әкімшілік ауданы 278,851 шаршы шақырым, Алтай аймағы (орталығы Алтай қаласы), Іле аймағы, Тарбағатай аймағы орталығы (Шәуешек қаласы) сынды 3 аймақ, 22 ауданнан құралады. Автономиялық облысында 17 ұлт өкілдері өмір сүреді, Қытай халқы шамамен 35%, ал қазақ халқы шамамен 22% құрайды.
Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен шекараласып, 6 кеден бекеті қызмет атқарады.