Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында төрешінің аяғына балға құлады

Аяғына балға түскен Азия ойындары төрешісінің жағдайы бірқалыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Ханчжоудағы Азия ойындарында Кувейт спортшысы Али Занкави балға лақтыру бойынша жарыстың финалында өнер көрсетті. Бірақ балға белгіленген бағытынан тайқып, техникалық реферидің аяғына түскен. Техникалық қызметкер темір тордың артында отырады, соған қарамастан оның аяғына салмағы 7,26 келі темір балға түсті. Тор балғаның ұшу қарқынын тежегенімен, оны тоқтата алмайды.
Али Занкави зардап шеккен төрешіге жүгіріп барып, жарасын таңып, қан ағуын тоқтатты. Кейінірек медицина қызметкерлері оны ауруханаға жеткізіп, оң жақтағы асықты жілік сынған деген диагноз қойды.
Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары рефери мен басқа да техникалық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.
Жарыс қорытындысы бойынша, Али Зенкави 8-орын иеленіп, маусымдағы өзінің үздік нәтижесін көрсетті – 67,57 м.
How painful it is. 😖😖
— Qins (@HuangheHangshan) October 1, 2023
On Sep 30th, an accident occurred during the men's hammer throw competition at the Hangzhou #AsianGames. A Kuwaiti player made a mistake while throwing the hammer, which hit a referee's leg. The referee was subsequently rushed to the hospital. pic.twitter.com/N2vd8oN3Vt