Қытайда ШЫҰ «Туризм жылы 2023» форумы өтіп жатыр

Қытай
Фото: SCO

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Туризм жылы 2023» форумы өтіп жатыр. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресми өкілдері, бақылаушылары мен диалог бойынша серіктестер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, туристік компаниялардың басшылары қатысуда, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Форум бағдарламасы негізгі төрт тақырыптық блокқа бөлінген. 24 қараша күні өтетін «ШЫҰ кеңістігіндегі туристік әлеует» тақырыбындағы пленарлық отырыс - іс-шараның басты оқиғасы болмақ.

Сондай-ақ бағдарламаға іскерлік шаралар, соның ішінде панельдік сессиялар, туристік компаниялар мен бизнес өкілдері арасындағы іскерлік кездесулер, Шыңжаңдағы туристік орындарға бару кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2023 жылды ШЫҰ-да Туризм жылы деп жариялаған болатын.

2023 жылдың шілдесінде Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық эстафетасын қабылдады.

Соңғы жаңалықтар