Қытайда спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды

Ушу
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Макао қаласында ушудан X Азия чемпионаты мәресіне жетті. Аталған сары құрлық додасында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, алтын жүлдені Бексұлтан Қоскенов пен Ернұр Дәкібай жеңіп алса, күміс жүлдегер Кәрім Иминжанов қол жеткізді.

Спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ал қола жүлдеге Ислам Иминов, Юлтуз Юлдашева, Карина Исмаилова және Расул Тұрғанжанов қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден U19 бен U23 Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар ел қоржынына 1 күміс, 1 қола медаль салғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы дзюдодан Загребте өткен гран-при додасында 2 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте Жапониядан (3 алтын, 1 қола) кейінгі 2-орынға табан тіреді. 

Алтынды ерлер арасында Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) жеңіп алса, күмісті әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 келі) иеленді.

Соңғы жаңалықтар
telegram