Қытайда тұратын шетел азаматтарының саны 85%-ға дейін қалпына келді

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM - Қытайда тұратын шетел азаматтарының саны 2019 жылғы деңгейдің 85 пайызына дейін қалпына келді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы мәлім етті.

Хитой
Фото: pixabay

Қытайда тұратын шетел азаматтарының саны 2019 жылғы деңгейдің 85 пайызына дейін қалпына келді. Өткен жылы шетелдіктердің елде тұруына 711 мың рұқсат берілген.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы уақытта шетелдіктердің Қытайға кіруін жеңілдету шарасына байланысты сыртқы көші-қон ағыны артады.

2023 жылы барлығы 35,5 миллион шетелдік елге саяхат жасады, бұл 2019 жылғы деңгейдің 36% құрайды.

2023 жылы шетелдіктерге шамамен 1,7 миллион виза берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 158,3 пайызға өсті.

Заңсыз келуге, заңсыз тұруға және заңсыз жұмысқа орналасуға қатысы бар шетелдіктер тексеріліп, заң бұзушылар заңға сәйкес жазаланды. Оның ішінде 26 мың адам жер аударылды.

2024 жылдың қаңтарында Қытайдың Мемлекеттік көші-қон басқармасы шетелдіктердің бірқатар санаты үшін елге кіруді жеңілдету бойынша жаңа шаралар жариялады.