Қытайда үш жаңа министр тағайындалды

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті қорғаныс, мәдениет және туризм, азаматтық істер жөніндегі жаңа министрлерді тағайындау үшін дауыс берді. Kazinform агенттігі бұл туралы Синьхуа ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Хитой янги мудофаа, маданият ва фуқаролик ишлари вазирларини тайинлади
Фото: pixabay.com

Агенттіктің хабарлауынша, 29 желтоқсан күні түстен кейін Бейжіңдегі Халық мәжіліс залында 14-ші шақырылған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің жетінші отырысы аяқталды.

Дауыс беруден кейін БХӨЖ Тұрақты комитеті Дун Цзюньді Қорғаныс министрі, Лу Чжиюаньды Азаматтық істер министрі, ал Сунь Елиді Мәдениет және туризм министрі етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.