Қытайда «жұмысқа барғысы келмейтіндерді емдейтін клиника» ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — «Жұмысқа барғысы келмейтіндерді емдейтін клиника» қызметкерлері клиенттерге жұмысқа байланысты мазасыздық, депрессия және шаршау сияқты мәселелермен күресуге көмектеседі, деп хабарлайды Kazinform тілшісі South China Morning Post (SCMP) басылымына сілтеме жасап.
— Бұл сыртқы белгілер көбінесе күрделі психологиялық немесе әлеуметтік факторлардан туындайды. Біздің міндетіміз — маман ретінде осы себептерді анықтап, жүйелі түрде бағалап, диагноз қойып, емдеу мен қолдау көрсету, — деді клиника басшысы Юэ Лиминь.
Диагностика үдерісіне пациенттердің жалпы эмоционалдық жағдайын бағалау үшін сұхбат өткізу және гипертиреоз секілді органикалық ауруларды жоққа шығару үшін тексеру кіреді. Содан кейін дәрігерлер әр науқасқа жеке емдеу жоспарын әзірлейді.
Бұл қызметті құру идеясын бұрын балалары «мектепке барғысы келмейтін» балаларға арналған клиникаға барған ата-аналар ұсынған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бастаманы әзіл ретінде қабылдады.
«Бұл клиниканы ойлап тапқан адам — нағыз данышпан!» — деп жазды бір қолданушы.
«Клиникаға кіресің де, ешқандай дәрігер көрмейсің, себебі олар да жұмысқа келгісі келмейді», — деп қалжыңдады тағы бірі.
Бұған дейін Қытайда Альцгеймер ауруын емдеуге арналған эксперименттік хирургияға тыйым салынғаны хабарланған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда 247 бала қорғасыннан уланған балабақша қызметкерлері қамауға алынғанын жазған едік.