Қытайдағы электромобильдер сатылымы 11,5 млн данаға жетуі мүмкін

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Бейжіңдегі Auto China 2024 18-ші халықаралық автосалонында 278 электромобиль моделі ұсынылды. Өткен жылы Қытайда электромобиль экспорты күрт өскен. Биыл елдегі жалпы көлік экспорты 5,5 млн данаға жетеді деп жоспарланып отыр.

Қытай
Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform

Биыл Бейжің автосалонында 117 әлемдік премьера (оның ішінде 30-ы трансұлттық компаниялардың әлемдік тұсаукесері) және 41 концепт-кар моделі ұсынылды. Көрмеде сонымен қатар 278 электромобиль үлгісі таныстырылған.

Қытай автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының (CAAM) мәліметінше, 2023 жылдың соңына қарай Қытай 4,91 млн көлік экспорттаған. Жаппай өсім өткен жылы 77,6%-ға өсіп, 1,2 млн бірліктен асқан жаңа энергетикалық көлік құралдары (NEVs) экспортының күрт өсуіне байланысты болды. Өткен жылмен салыстырғанда таза электр көліктерінің экспорты 80,9%-ға, гибридті көліктер экспорты – 47,8%-ға өсті. 

Қытай
Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform

Өткен жылы энергетикалық көліктердің өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 9,58 млн және 9,49 млн данадан асып, жылдық есептеу бойынша 35,8 пайызға және 37,9 пайызға өсті. NEV нарығының үлесі 31,6% болды. 

Қытай
Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform

CAAM мәліметінше, 2023 жылы Қытайда автомобиль өндіру және сату көлемі 30,16 млн (+11,6%) және 30,09 млн (+12%) бірлік болған. Болжамға сәйкес, Қытайда NEV сатылымы 2024 жылы 11,5 млн данаға, ал жалпы көлік экспорты 5,5 млн данаға жетеді. 

Қытай
Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform

Бейжің көлік салоны Shunyi халықаралық көрме залында 4 мамырға дейін жұмыс істейді. 25-26 сәуір күндері Auto China 2024 тек қытайлық және шетелдік журналистер үшін жұмыс істейді. Осы екі күн ішінде БАҚ өкілдері үшін рекордтық көрсеткіш – 163 баспасөз конференциясы өтеді. 

Қытай
Фото: Руслан Сүлейменов/Kazinform
Соңғы жаңалықтар