Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы: Бейжіңде қазақ үйлер тігілді

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанатына орай қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдар Бейжің қонақтары мен тұрғындары үшін ауқымды мерекелік бағдарламаға дайындалып жатыр.

Қытай
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

Концерт өтетін Бейжіңдегі China National Opera House театырының алдына қазақы киізүйлер тігіліп, ұлттық бұйымдарымыздың шағын көрмесі өтпек. 

Қытай
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

Аталған іс-шарада Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» этно-рок тобы, Абай атындағы ҚазҰОБТ хор ұжымы, «Серпер» және «Сазген сазы» ансамбльдерінің шығармашылық ұжымдары, «Астана Балет» балет труппасы бастаған 150-ге жуық өнерпаз өз өнерін ортаға салады. 

туризм
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

Концерт 29 наурызда Бейжіңдегі China National Opera House сахнасында Қытайдағы қазақстандық туризм жылының ашылу салтанаты аясында өтеді.

туризм
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

Сонымен қатар Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында 30 наурыз күні бейжіңдік танымал 798 арт аймағының алаңында «Наурыз Фест» өтпек. 

туризм
Фото: Күнсұлтан Отарбай/Kazinform

Еске сала кетсек, алдағы 28-29 наурыз күндері Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу салтанаты өтеді. Осыған орай Қазақстаннан Бейжіңге 600-ге жуық арнайы делегация ұшып келді.

Соңғы жаңалықтар