Қытайдағы өрт салдарынан 39 адам қаза тапты

өрт
Фото: InfoResist

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Цзянси провинциясындағы көпқабатты үйде болған өрттен 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform. 

24 қаңтар күні күндіз сағат 15:30 кезінде Цзянси провинциясының Синьюй қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқару жұмыстары жалғасып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

The Paper басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан 39 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды.

Ғимаратта қалып қойғандар да бар. Қаза тапқандар саны артып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар