Қытайдағы турнирде 4 таэквондошымыз лицензияға таласады

АСТАНА. KAZINFORM — 15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Парижге жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. 

Жансель Дениз
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасынан 4 спортшы лицензияға таласады. Жалпы бұл додаға 33 елден келген 96 спортшы қатысады. 

Атап айтар болсақ, 57 келі салмақ дәрежесінде Спартакиада жеңімпазы Мария Севостьянова, 58 келіде Қазақстан командасының мүшесі Самирхон Абабакиров, +67 келі салмақта Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері Жансель Дениз және 80 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада жеңімпазы Батырхан Төлеуғали байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, бұл спорттық бәсекеде әр салмақта финалға шыққан спортшыларға лицензия беріледі.

Соңғы жаңалықтар