Қытайдан келген тауарларды ұрлаған топтың ісі сотқа жолданды

АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу көлік прокуратурасы іҚытайдан келген тауарларды ұрлаған топтың ісі сотқа жолданғанын хабарлады.

қорғас
Фото: Александр Павский/Kazinform

- Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы қызметкерлерінің тобына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сату үшін контейнерлер ішіндегі тауарларға қол жеткізген ақпаратты пайдаланған, - деп жазды бақылаушы органнан.

Дерекке қарағанда, келтірілген шығын 200 млн теңгеден асып кеткен, нәтижесінде отандық және шетелдік компаниялар зардап шеккен.

Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.

Бұған дейін Қорғастың еншілес компаниясы бәсеке туралы заңды аяқасты еткенін хабарлғанбыз.

Соңғы жаңалықтар