18:54, 19 Ақпан 2024 | GMT +5
Қытайдың Алтай аймағында -52.3 ℃ аяз тіркелді
АЛТАЙ.KAZINFORM – 18 ақпан күні Қытайдың Алтай аймағында минус 52.3 градус аяз тіркелді. Жергілікті altxw.com ақпарат сайтының хабарлауынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Алтай аймағы Көктоғай ауданы Тұрғын ауылында орналасқан ауа райын бақылау станциясы -52.3 ℃ аязды тіркеді.
Айта кетейік, бұған дейін Шыңжаңда 1960 жылы -51.5℃ аяз болған. Ал қытайдың қиыр шығысындағы Мохэда былтыр қаңтар айында -53℃ аяз тіркеліп, ел тарихындағы ең төменгі температура саналды.
Қытай метеорологиялық басқармасының болжамына сәйкес, Шыңжаңда аязды температура 22 ақпанға дейін жалғасады.