Қытайдың қазіргі қауіпсіздігі қандай деңгейде

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM –  Қытай ұлттық қорғаныс министрлігі сайтының хабарлауынша, Қытай Халық азаттық армиясы мен қарулы полиция күштері делегациясының баспасөз хатшысы У Цянь Қытайдың 14-ші халық құрылтайының екінші отырысында БАҚ өкілдеріне Қытайдың қауіпсіздік жағдайы барған сайын тұрақсыз болып барады. Ал әскери күрес міндеттері ауыр деп мәлімдеді.

Қытай
Фото: Тимур Дюсекеев/Kazinform

Қытай ұлттық қорғаныс министрлігінің өкілі ұлттық қорғаныс – ел мен ұлттың аман қалуы мен дамуының қауіпсіздік кепілі екенін айтты.

«Қазір әлем жүз жылда болмаған орасан зор өзгерістермен бетпе-бет келіп отыр. Саяси даулар мен әскери қақтығыстар халықаралық деңгейде көптеген жерде болды, Қытайдың ішкі сепаратистік күресі де өте күрделі», - деді ол.

У Цянь Қытай үкіметінің ұлттық қорғаныс құрылысына салиқалы көзқарас танытып, әскери шығындар мен ұлттық экономика арасындағы үйлестіруді қамтамасыз ететінін баса айтты.

Ол сондай-ақ АҚШ сияқты әскери державалармен салыстырғанда Қытайдың әскери шығындары өзінің ішкі жалпы өнімі мен қаржысымен салыстырғанда өте төмен деңгейде, жан басына шаққандағы әскери шығындар АҚШ сияқты ірі елдерге қарағанда әлдеқайда төмен екенін қосты.

5 наурызда жарияланған Қытай үкіметінің жұмысы туралы есеп Қытайдың 2024 жылы қорғаныс шығындары бюджетін 7,2 пайызға арттырып, 1 665 миллиард юаньға жеткізетінін көрсетті.

Сондай-ақ баяндамада Қытайдың 2024 жылы әскери дайындықты жан-жақты күшейтіп, нақты шайқасқа дайындалатыны баса айтылды.

Соңғы жаңалықтар