Қытайдың Ляоян қаласындағы өрттен 22 адам қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM – Жергілікті уақыт бойынша 29 сәуір күні сағат 12:25-те Қытайдың Ляоян қаласының Байтa ауданы Саньличжуан елді мекеніндегі дәмханардың бірінен өрт шыққан.

өрт
Фото: Yonhap

Global Times басылымының хабарлауынша, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша, өрт салдарынан 22 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған.

The Paper ақпараттық порталының хабарлауынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Байтa ауданындағы өртке байланысты маңызды нұсқау беріп, жараланған адамдарға барынша медициналық көмек көрсету, қаза тапқандардың отбасына жан-жақты жәрдем беру және ірі апаттардың алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен.

Синьхуа агенттігі ҚКП Бас хатшысы, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бүгін жұмыс сапарымен Шанхайда жүргенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар