Қытайдың оңтүстігінде көпқабатты үйде жарылыс болды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Бұл туралы «Пэнпай» басылымы хабарлады.
Оқиға салдарынан зардап шеккендердің саны әлі белгісіз.
Төтенше жағдай 11 желтоқсанда Шэньчжэнь қаласының аудандарының бірінде болды. Оқиға орнына 16 арнайы техника мен 80 өрт сөндіруші келген.
Басылымның мәліметінше, өрт көпқабатты үйдің бірнеше қабатын шарпыған.
Тұрғын үй кешені 2017 жылы пайдалануға берілген. Шэньчжэньнің осы ауданындағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны шамамен 200 мың юань (27 мың доллардан астам) құрайды.
Жарылыстың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдағы жапондықтарға көпшілік алдында жапон тілінде сөйлемеу керектігі ескертілді.