Қытайдың оңтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан қаза тапқандар бар

АСТАНА. KAZINFORM — Өткен демалыс күндері Қытайдың оңтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, апта басында нөсер жауады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Қытайдың оңтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан қаза тапқандар бар
Фото: Stefano Porta/Stefano Porta /LaPresse

Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы бір елді мекенде су тасқынынан қаза тапқандар саны алты адамға жетті, тағы екеуі із-түзсіз жоғалды. 

Өткен демалыс күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты Гуандун провинциясының Гуанчжоу және Шэньчжэнь қалаларында 700-ден астам рейс кейінге қалдырылды және тоқтатылды.

Метеорологтардың мәліметінше, Қытайдың оңтүстігінде 2025 жылдың басынан бергі ең қатты жаңбыр 27-29 мамыр аралығында жауады. Табиғи апаттар қаупі жоғары. 

Жексенбі күні Қытай билігі оңтүстік-батыс Юньнань провинциясында су тасқыны қаупіне байланысты «көгілдір» ескерту жариялады.

Бұған дейін Үндістанда нөсер жауыннан 45 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар