18:05, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Қытайдың Шаньси провинциясында болған жарылыстан 17 адам жараланды
АСТАНА. KAZINFORM — 30 сәуір күні сағат 13:17 шамасында Қытайдың Шаньси провинциясы, Тайюань қаласындағы тұрғын үй ауданында жарылыс болды.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан 17 адам жараланған, оның ішінде 4 адам ауыр жарақат алды. Ал 3 адам емделген соң үйлеріне жіберілді.
Өрт сөндіру-құтқару қызметкерлері жарылыс болған ғимаратқа кіріп, әр пәтерді тексеріп жүр. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан қалың түтіннің жан-жаққа таралып жатқанын, жақын маңдағы тұрғын үйлердің әйнектерінің сынғанын және бірнеше көліктің өртенгенін көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда қонақүй өртенгенін, 14 адам қаза тапқанын жазған едік.
太原小區爆炸。 pic.twitter.com/u8BrAGQSWP
— ying tang (@yingtan04410735) April 30, 2025