Қытайдың Сиань қаласында «Орталық Азия саябағы» ашылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Сиань қаласында 19 мамырда «Орталық Азия саябағы» ресми түрде ашылды.
«Chinanews» хабарлауынша, бұл саябақты салудағы мақсат - Сиань қаласында Қытай мен Орталық Азия арасындағы мәдени алмасуларды, туризмді ілгерілетуді, экономикалық және сауда келіссөздерін біріктіретін жаңа платформадағы хаб құру болмақ.

Бүкіл саябақ шамамен 54 гектар аумақты алып жатыр. Саябақтың тақырыптық дизайны «жасыл, ашық, инклюзивті, инновациялық және табиғатты сақтау» тұжырымдамаларына негізделген және Орталық Азияның көптеген мәдени элементтерін біріктіреді.
Саябақ көркем көрініс аймағы, іскерлік конференция алаңы, Орталық Азия өнімдерінің көрме залы және Орталық Азия тағамдар алаңы сияқты әртүрлі аймақтармен жабдықталған.

Орталық Азия өнімдерінің көрме залында Орталық Азия елдерінің 1000-нан астам өнімі қойылып, сатылады.
19 мамыр – «Сиань Орталық Азия саябағының» ашылуының бірінші күні. Қытайлық БАҚ көздері көптеген Сиань тұрғындарының саябаққа барып, Тауар сатып алып жатқанsн хабарлады.

Орталық Азия тауарлары, сондай-ақ осы елдердің ерекше мәдениеттері қытай халқының үлкен қызығушылығын тудыруда. Саябақта құрылған Орталық Азия туристік қызмет көрсету орталығында көптеген адамдар Орталық Азия елдеріне саяхаттау үшін қалай баруға болатыны туралы кеңес алып жатыр.

Chinanew news хабарлағандай, Сиань «Орталық Азия саябағын» Орталық Азия елдерімен мәдени алмасу үшін бренд алаңына айналдыруды және Қытай мен Орталық Азияның бес елінің мәдени байланыстарын ілгерілетуді жоспарлап отыр.