Қытайдың солтүстік батысын құмды дауыл басуы мүмкін

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Құмды дауыл Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАР), Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы (ІМАА) және Ганьсу провинциясында болады. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығының (ҰМО) хабарламасында айтылған.

песчаные бури
Фото: pixabay.com

Бейсенбіде ҰМО Қытайдың солтүстік-батысындағы құмды дауылдарға байланысты «көк» ескерту деңгейін ұзартты.

Болжамға сәйкес, құм мен шаң бөлшектері ШҰАР, НХАА, ІМАА-ның кейбір аудандарын, сондай-ақ Цинхай және Ганьсу провинцияларына түседі.

ШҰАА, ІМАА және Ганьсу провинциясының кей жерлерінде құмды дауыл болжанды. Бұл аймақтардың тұрғындарына құмды дауылдан сақтық шараларын сақтау ұсынылды.