Қытайдың ЖИ нарығы 2030 жылға қарай 150 млрд долларға жетеді
БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайдың жасанды интеллект (ЖИ) нарығының құны 2030 жылға қарай 154,8 млрд долларды құрайды. Ол 2023 жылмен салыстырғанда төрт есе өседі. Бұл туралы «Ицай глобал» іскерлік басылымы хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, қытайлық ЖИ нарығы құнының қарқынды өсуіне әзірлеушілердің білім, ойын-сауық және еңбек өнімділігі сияқты табысты салаларға шығуы ықпал етеді.
Мәселен, қытайлық қысқаметражды бағдарламалары үшін қосымшалары шетелде тез таралуда. Қытайдың қысқа метражды фильмге арналған 40-тан астам қосымшасы дүние жүзінде 55 млн-нан астам рет жүктеліп, 170 млн доллар табыс әкелді.
Басылымның жазуынша, қысқаметражды драмалық фильмдер нарығының ұзақ мерзімді құны 36 млрд долларға жетуі мүмкін.
2023 жылы қытайлық микродрама нарығының көлемі 37,39 млрд юаньді (шамамен 5,31 млрд доллар) құраған.
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап Қазақстанда жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытуға негізделген ірі ұлттық орталық құрылады.