Қытайлық телеком-операторлар өз қызметтеріне DeepSeek ЖИ моделін біріктірді

АСТАНА.KAZINFORM - Қытайдың үш ірі телекоммуникациялық компаниясы - China Telecom, China Unicom және China Mobile өз қызметтеріне DeepSeek жасанды интеллект үлгісін интеграциялады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қытайлық телеком- операторлар өз қызметтеріне DeepSeek ЖИ моделін  біріктірдіDeepSeek
Фото: X / India Today

Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, China Telecom, China Unicom және China Mobile платформаларын DeepSeek-тің ЖИ моделіне ашатыны туралы жаңалықтар Қытайдағы ең ірі байланыс операторлары акцияларының қымбаттауына әкелді.

Бірқатар қытайлық автоөндірушілер де DeepSeek-тің ЖИ моделін платформаларына біріктіру жоспарын жариялады.

Қытайдың қаржы секторында 10-нан астам брокерлік ұйымдар мен қорлар DeepSeek-тің ЖИ моделін іскерлік сценарийлерге, соның ішінде инвестициялық зерттеулер мен тұтынушыларға қызмет көрсетуге енгізу ниетін жариялады.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтарында қытайлық DeepSeek стартабының жаңа ЖИ DeepSeek-R1 чат-ботының іске қосылуы жаһандық ЖИ нарығында таңданыс тудырды.

Соңғы жаңалықтар