Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытайлықтар аз үйленіп, көп ажыраса бастаған

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайда неке саны рекордтық деңгейде төмендеп келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бейжіңдегі меншікті тілшісі China Daily басылымына сілтеме жасап.

В Китае растет число разводов и падает количество новых браков
Фото: Xinhua

Қытайда биылғы бірінші жартыжылдықта некеге тұрушылар саны азайып, ажырасушылар саны артқан. Бұл туралы Қытайдың Азаматтық істер министрлігінің деректері көрсетіп отыр.

Жылдың алғашқы алты айында елде 3,28 миллион неке тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 3,54 миллион көрсеткіштен 260 мыңға аз. Ал осы кезеңде ажырасу саны 52 мыңға өсіп, 1,38 миллионға жеткен. Былтыр алғашқы алты айда 1,33 миллион ажырасу тіркелген болатын.

Бұл төмендеу 2025 жылғы мамырда некені тіркеуді азаматтың тұрғылықты жеріне байланыстыруды алып тастаған жалпыұлттық ережелер енгізілгеніне қарамастан орын алып отыр. Енді ҚХР азаматтары елдің кез келген азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде (АХАТ) некеге тұра алады.

Қытайда неке саны 2013 жылы тіркелген рекордтық көрсеткіштен кейін тұрақты түрде төмендеп келеді. Сол жылы 13,47 миллион жұп некесін ресми түрде тіркеген. 2019 жылы бұл көрсеткіш 10 миллионнан төмендеді, ал 2022 жылы 6,84 миллионға дейін түсіп, ең төменгі деңгейге жетті. 2023 жылы көрсеткіштің қысқа мерзімді өсімі байқалып, 7,68 миллионға жеткенімен, бұл жалпы төмендеу үрдісін өзгерте алмады.

Бұған дейін Қытайдың ауылдық жерлерде қалыңмал көлемі мен үйлену тойларына жұмсалатын шығындарды шектеп жатқаны хабарланған болатын.