Қытайшаңыз жақсы, бірақ президенттікіндей емес - ҚХР министрі Kazinform тілшіcіне
Қытайдың әлеуметтік желілерінде қазақстандық журналист пен Қытай сыртқы істер министрі арасындағы диалогтің видеосы таралып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Атап айтқанда, Kazinform тілшісі Руслан Сүлейменов Қытай Сыртқы істер министрі Ван Иге сұрақ қояды:
«Бүгін Қытай «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары сапалы дамудың жаңа кезеңіне ілгерілетуге бастамаларын жария етті. Мен Қытайдың осы жаңа кезеңнің болашағына қалай қарайтынын білгім келеді».
Ван И тілші сауалына жауап бермес бұрын:
«Сіздің қытай тілін білу деңгейіңіз өте жақсы екен, десе де президент мырзамен салыстырғанда әлі де жеткіліксіз, бұл талпынысыңызды жалғастыра беріңіз», - деді.
Содан кейін министр Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жаңа кезеңге шығатыны туралы мәлімдемесі өте мағыналы және болашақта халықаралық ынтымақтастықты бағдарлауға маңызды әсер ететінін айтты.
