Қиындыққа душар болған жандарға 198 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі - Қарағанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда әлеуметтік органдар 2015 жылдан бастап, қиындыққа душар болған азаматтарға ақшалай көмек көрсетпек. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ирина Любарская хабарлады.

Қағидада жәрдемақыны өрт немесе табиғи апаты, сондай-ақ туберкулез, ЖИТС ауруларды жұқтырған азаматтар ала алатыны айтылған.

«Түрлі апат немесе тілсіз жау салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек оқиға орын алған сәттен бастап бір жыл ішінде беріледі. Көмек біржолғы. Оның шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК=1982 теңге)», - деп түсіндірді Қарағанды әкімінің орынбасары.

Ол әр жеке жағдайда көмек көрсету қажеттілігі мен оның мөлшеріне қорытындыны арнайы комиссия шығаратынын атап өтті. Бұл ретте отбасының жан басына шаққандағы табысы мен апат дәрежесі ескеріледі.

Қиындыққа душар болған азаматтарға көмек көрсетуге Қарағанды бюджетінен барлығы 12,6 млн. теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram