Қиыр Шығыста ер адам пойыз вагонын өртеп жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Комсомольск-на-Амуре қаласында көлік прокуратурасы жолаушылардың біріне қатысты қылмыстық істі сотқа бағыттады. Ол пойызда еденге төгілген спиртті өртеп жіберген. Осылайша вагон мен өзге жолаушылардың мүлкі отқа оранды.
2014 жылдың наурызында болған оқиғада адам денсаулығына да зиян тигізілді, деп хабарлады Қиыр Шығыс көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Хабаровск өлкесі Амур ауданы Санболи кентінің тұрғынына ҚК 118 бабы 1 бөлімі (абайсыздықтан адам денсаулығына зиян тигізу) және ҚК 168 бабына (отты абайсыз пайдаланудан ірі көлемде біреудің мүлкін жою) сәйкес айып тағылды.
«РЖД» ААҚ келтірілген залал 1,8 млн рубльден асады, деп хабарлады Газета.Ru.