«Қыз зорлады»: Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Қыз зорлады» деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.

Полиция
Фото: ІІМ

Әуезов аудандық полиция басқармасы боксшыға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеді.

«Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптама жүргізіліп, қорытындысы бойынша зорлау дерегі расталмады. 2024 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды. Әуезов аудандық прокуратурасы бұл шешіммен келісті»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Еске салайық, осы жылдың тамызында қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Айта кетейік, 33 жастағы Жаңқош Тұраров - кәсіби боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.

Соңғы жаңалықтар