Қыз зорламақ болғаны үшін сотталған шымкенттік жігіт 4 жыл бойы Грузияда қашып жүрген

зорлықшы
Фото: видеодан скрин
АСТАНА. KAZINFORM — Қыз зорламақ болған күдікті Грузиядан экстрадицияланды.

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған.

Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған.

Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған.

Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

2023 жылы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды.

Бас прокуратураның сұрауы бойынша грузиялық тарап оны экстрадициялау жөнінде шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторында қамауда отыр. 

Соңғы жаңалықтар
telegram