Қыздар міндетті әскери қызметке шақырыла ма

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс кулуарында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әйелдерді әскерге алу туралы журналистер сұрағына жауап берді.

а
Фото: Ақорда

Алдымен ол қазір қыздардың өз еркімен әскерге баруы жөнінде пікір білдірді.

— Ұсыныстар бар. Қыздар тіркеліп жатыр, — деді Асқар Мұстабеков.

Журналистер «Геосаяси жағдай ушыққан жағдайда Израильдегідей қыз-келіншектерге де міндетті әскери қызметке шақыру жіберіле ме?» — деп сұрады.

— Бізде ондай жоқ, жоспарда да жоқ, — деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі әскерде намаз оқуға қатысты мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.