Қыздарға мотивация береді – Саида Мирзиеева Диёра Келдиёрованы құттықтады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан Республикасы президентінің көмекшісі Саида Мирзиеева өзбекстандық дзюдошы Диёра Келдиёрованы Парижде өтіп жатқан Олимпиаданың алтын медалімен құттықтады.
«Бүгін барша Өзбекстанның, менің де қуанышым шексіз – Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль! Жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар жеңіп алған алғашқы «алтын» және Өзбекстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын медаль! Диёра Келдиёрованың жарқын жеңісі спорт секцияларында табандылықпен жаттығып жүрген және ең жоғары нәтижеге жетуді армандайтын көптеген қызға мотивация береді», - деп жазды С. Мирзиеева өзінің Telegram парақшасында.
Айта кетейік, Олимпиаданың ақтық сайысында әйелдер арасындағы 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диёра Келдиёрова косоволық Дистрия Красничимен белдесіп, жеңіске жеткен еді.