Қызыл шараптан неге бас ауырады - ғалымдар жаңа зерттеу жасады

шарап
Фото: Pixabay

Америкалық ғалымдар бір бокал қызыл шарап ішкен кей адамдардың неліктен бас ауыратыны туралы жаңа гипотеза жасады. Бұдан бөлек, олардың теориясына сәйкес, арзан шарапқа қарағанда қымбат шарап ішкен адамның басы көбірек ауыруы керек. Каzinform агенттігі бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Калифорния университеті зерттеушілерінің пікірінше, қызыл шарап ішкеннен кейін бас ауруы қара жүзім құрамындағы кверцетин деп аталатын антиоксиданттан болады.

Scientific Reports журналында жарияланған мақалаға сәйкес, оның адам ағзасында болуы алкоголь метаболизміне теріс әсер етеді.

Краудфандинг есебінен қаржыландырылған зерттеу авторларының атап өтуінше, жүзім өсіп жатқанда оған күн сәулесі неғұрлым көп түссе, құрамында кверцетин соғырлым көп бөлінеді.

Яғни, бас ауруына бейім адамдар үшін бұл тұрғыдан қымбат шарап арзан шарапқа қарағанда зиян болуы мүмкін, дейді зерттеу авторларының бірі, профессор Эндрю Уотерхаус.

«Арзан жүзім бөрікбасы қалың үлкен жүзім бұталарында өсіріледі, сондықтан оларға күн көп түспейді, ал жоғары сапалы жүзім жапырағы азырақ бұталарда өседі», — деп түсіндірді ол.

Алайда басқа сарапшылар қымбат шарапқа қарағанда арзан шарапты мақтаудан тартынып отыр.

Лондондағы Патшайым Мария университетінің тәжірибелік терапия саласындағы сарапшы, профессор Роджер Кордердің атап өтуінше, қоғамдық тұтынуға арналған  арзан шарап дайындауда бас ауруын туғызуы мүмкін қоспалар қолданылады.

Бұл — шарап жасау процесін тездететін пектиназа, сондай-ақ диметилдикарбонат деп аталатын консервант.

Профессор Кордер олардың ыдырауының өнімі метанол екенін атап өтіп, тиісті ғылыми зерттеу жүргізуге шақырды.

«Біз мыңжылдық құпияны түсіндірудің дұрыс жолында келе жатырмыз. Келесі қадам — бас ауруына бейім адамдарда бұл теорияны ғылыми түрде сынау, сондықтан жаңалық қараq жүріңіздер, - дейді зерттеудің бірлескен авторы, неврология сарапшысы және Калифорния университетінің бас ауруы орталығының директоры, профессор Моррис Левин. 

Соңғы жаңалықтар