Қызылорда әкімдігі бұрын жөнделген көшеге 1,2 млрд теңгеге конкурс жариялаған

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына жүргізілген талдау нәтижесінде 2,8 млрд теңгеге құқық бұзушылық анықтады.

Қызылорда
Фото: gov.kz

— Қала әкімдігі 1,4 млрд теңгеге қала көшелерін жөндеуге жарияланған конкурста бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген көшені енгізген. Осы тектес, жұмыстар орны мен көлемі нақты көрсетілмеген жобалау-сметалық құжаттама негізінде көшелерді күрделі жөндеуге 1,2 млрд теңгеге, сондай-ақ қала көшелерін жыл көлемінде санитарлық тазалау жұмыстары шартқа сәйкес жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, қосымша тазалау жұмыстары үшін 223,2 млн теңгеге негізсіз мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған, - делінген хабарламада.

Енгізілген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 2,8 млрд теңгеге 3 конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, Қызылорда облысында 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдалану фактілері анықталған еді.

Соңғы жаңалықтар