Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына өте ме?
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Өткен жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда әуежайы вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқаруына берілуі мүмкін екені, бұл бағытта келіссөз жүріп жатқаны белгілі болған.
Kazinform тілшісінің ресми сауалына Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұған дейін жүргізілген келіссөздер қазіргі уақытта тоқтатылғанын мәлімдеді.
- Қорқыт ата әуежайын Sovico Group холдингіне сенімгерлік басқаруға беру мәселесіне қатысты келесіні хабарлаймыз. Қазіргі таңда әуежайды сенімгерлік басқаруға беру жоспарда жоқ. Нысан қолданыстағы басқару құрылымы шеңберінде өз жұмысын жалғастырып жатыр, - делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев әуежай сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, ал сату мәселесі қарастырылмайтынын айтқан еді.