Қызылорда әуежайының жаңа терминалы қалай жұмыс істейді - фоторепортаж

Қорқыт әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалында құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысанды жақын күндері ел игілігіне табыстау жоспарланып отыр. Осы орайда KAZINFORM агенттігі жаңа терминалдың алғашқы суреттерін ұсынады.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Жоба бойынша терминал алаңы – 7 500 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың ақпанында басталып, 2024 жылдың сәуір айында аяқталды. Қазіргі уақытта әуежай аумағы абаттандырылып, ұзындығы 480 метр 4 жолақты автокөлік жолы салынуда.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

«Бұл ғимарат жеке инвестор есебінен шамамен 17 млрд теңгеге салынды және әуе қызметтерін халықаралық деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Ал әуежайдың инфрақұрылымы үшін жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлініп, су, кәріз, электр және байланыс-интернет желілерін тарту, бу қазандығын салу жұмыстары жүргізілді. Барлық рейстер жаңа терминалға көшіріледі және ескі терминалды басқа шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жалғастырамыз», - деді «Қорқыт ата» әуежайы АҚ басқарма төрағасы Баян Әжмолдаев агенттікке берген сұхбатында.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Жаңа терминалда ішкі және халықаралық рейстерге арналған залдар, транзиттік жолаушылар залы, СІР-зал, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медициналық бөлім, жолаушыларды тіркеуке арналған 8 орын және 5 өзін-өзі тіркеу бекеті, 10 төлқұжат тексеру кабинасы болады.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Құрылысқа мәрмар, гранит, травентин, аквапанель сынды жоғары сапалы материалдар қолданылған. Лифт пен эскалатор – Финляндиядан, багаж жүйесі – Франциядан, телетрап – Испаниядан жеткізілген.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Сондай-ақ, жаңа терминалда әуе кемелеріне қызмет көрсететін арнайы техникалар – жанар-жағармай құюшылар, ұшақтарды сүйемелдейтін автокөлік, өзі жүретін ленталы транспортер, агрегат генератор бар.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Қазіргі әуежай сағатына 150 жолаушы қабылдаса, жаңа терминал іске қосылған соң, әлеуеті 250 жолаушыға дейін ұлғаяды. Нәтижесінде көлік тасымалы көрсеткіштері 1,5 есеге артады. Оған қоса, 40 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы
Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

Айта кетейік, Қызылордада 1986 жылдан бері V дәрежелі халықаралық Қорқыт Ата» әуежайы жұмыс істейді. Бүгінгі күні әуежайда аптасына 30 тұрақты рейс орындалуда, оның ішінде: Астанаға – 14, Алматыға – 15, Анталияға (Түркия) – 1 рейс бар. Тағы қосымша халықаралық рейстер ашу үшін келіссөздер жүргізілуде.

Қорқыт ата әуежайы
Фото: Қорқыт ата әуежайы

 

Соңғы жаңалықтар