Қызылорда ауруханалары азық-түлікті қымбатқа сатып алып отырған

аурухана
Фото: видеодан алынған кадр

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының 3 аудандық ауруханасында азық-түлік жеткізу тізбегінен пайдасыз делдалдар алынып тасталды.

Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әлеуметтік мекемелер жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.

Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасалғаннан кейін ӘМАТ тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және қант арзандады. 

Бюджеттен үнем — 6 млн теңге.  

Соңғы жаңалықтар