Қызылорда ауруханасындағы нәресте өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда қаласындағы ауруханада екі айлық нәресте қайтыс болды.

Қостанай облысында нәресте өлімі үшін бас дәрігерлерге сөгіс жарияланды
Фото: pixabay.com

Облыстық Полиция департаменті медицина қызметкерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы департаменттің бақылауында, - делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала жедел жәрдем бригадасы арқылы көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген.

- Республикалық клиникалық орталық мамандары ем барысында балаға бірнеше рет телемедициналық кеңес өткізген. Аталған жағдай бойынша тексеру жұмысы жүріп жатыр, - делінген басқарма хабарламасында. 

Бұдан бұрын Байқоңыр қаласында терезеден құлап кеткен бала ауруханада көз жұмған болатын.