02:03, 31 Қаңтар 2024 | GMT +5
Қызылорда мен Түркістан облыстары арасында жол жабылды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысының оңтүстігінде күн бұзылды. Осыған байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде жол жабылды.

Қызылорда облысының оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температура көрініс берді.
Салдарынан ауа райының күрт нашарлауы байқалды.
«Астана қаласының уақытымен 30 қаңтар 22:20-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1802-2055,5 шақырым аралығына барлық көліктің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, екі күн бұрын да Қызылорда облысында Самара-Шымкент республикалық трассасы жабылған еді.