Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Кенесары Бағбанұлы таныстырылды.
Кенесары Бағбанұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2015 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2021 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу департаменті басшысының орынбасары лауазымында абыройлы қызмет атқарып келді.
Облыс әкімі жаңа басшының қызметіне сәттілік тілеп, бірқатар міндет жүктеді.
Ал бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес полковник Ернұр Жүнісов ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды.