Қызылорда облысы бойынша медициналық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрінің келісімі негізінде Медициналық бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Жанерке Жақсылық тағайындалды.
Жанерке Алмасқызы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2009-2016 жылдары Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы № 3 қалалық емханада учаскелік дәрігер ретінде бастап, осы емханада бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2023-2026 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 2026 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін аталған департаменттің басшысы қызметін атқарып келді.
Бұған дейін Нұрбек Серіков Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.