Қызылорда облысы Қазалы ауданында тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылды

Қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны ұйымдастырылды.

Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен жалғасып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы тазартылатын болады. Аталған іс-шараға қазыналы Қазалы ауданының тұрғындары ерекше қолдау білдіріп жатыр. 

Қызылорда облысы әкімдігі
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Аудан халқы Жанқожа батыр кесенесі мен Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық музейінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Науқанға 40-тан аса халық белсенділік танытты. 

Қызылорда облысы әкімдігі
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Қызылорда облысы әкімдігі
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар