Қызылорда облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 4 маусымдағы бұйрығына сәйкес Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Жанерке Жақсылық тағайындалды.

а
Фото: Қызылорда облысы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті

Жанерке Алмасқызы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын денсаулық сақтау саласында 2017 жылы Қызылорда қаласының №3 емханасында жалпы тәжірибелік дәрігер болып бастаған. Әр жылдары осы емханада бөлім меңгерушісі, Қызылорда қалалық орталық емханасында бөлім меңгерушісі, №3 қалалық емханада дәрігер болып еңбек етті. Сондай-ақ аталған емханада бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары болды.

2024 жылдың қараша айынан осы күнге дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Бұған дейін Қызылордада жаңадан құрылған екі басқармаға басшы тағайындалды.