Қызылорда облысында 2,7 млн бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды

Прокурор
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасы «Бөген» ауылдық клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізді. Нәтижесінде клуб есепшісі 2,7 млн астам өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын қызмет бабын пайдалана отырып, жымқырғаны анықталды. Бұл туралы облыс прокуратурасы мәлім етті. 

Белгілі болғандай аудандық прокуратура аталған істі СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдаған. 

«Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар