Қызылорда облысында 4 мың бөдене асырап отырған фабрика өртеніп кетті

өрт
Фото: ҚР ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM - Қызылорда облысында бөдене өсіретін құс фабрикасы өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, фабрикада 4 мың бөдене құсы болған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

«28 ақпан күні сағат 04:37–де Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабынының 288 шаршы метр аумағы өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Тілсіз жау сағат 05:41–де  оқшауланып, 06:12 толықтай сөндірілді» делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар