Қызылорда облысында ауыл тұрғындары 13 бизнес-бастаманы іске асырып отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысының Бесарық ауылында 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан серіктестіктің өндірістік алаңында 318,2 млн теңгеге ауыл тұрғындарының 13 бизнес-бастамасы іске асырып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Мұнда жартылай фабрикаттар, пластикалық ыдыстар, ағаштан жасалған бұйымдар, тоқыма, кондитерлік өнімдер, сабын және басқа да өнімдер өндіретін цехтар ашылған. Бірнеше шаруашылық түрімен айналысатын мекеме алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Ең басында күріш дақылын өсіріп, өңдеуді мақсат еткен болатынбыз. Кейін шаруашылықты әртараптандыру үшін құс, мал шаруашылықтарымен де айналыса бастадық. Одан бөлек, 7 га жерге жүзім, 3 га аумаққа алма бағын отырғыздық. Көкөніс егуді де қолға алудамыз. “Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы жергілікті тұрғындарға қажетті нысандар салып бердік. Сонымен бірге пластик ыдыс шығару, тоқыма және кондитерлік өнімдер шығаратын цехтар ашып беріп жатырмыз», — дейді «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев.
Қызылорда облысында қоймалардың қуаты азық-түлік бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді.
Ал, Қызылорда облысындағы «Жан Арай» аграрлық-индустриялық кешені күріш өсірумен және өңдеумен, құрама жем өндірумен, жемістер мен көкөністерді өңдеп, сақтаумен айналысады. Маусымаралық кезеңде ӘМАТ бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорын заманауи қоймалар мен мұздатқыш камералардың қуатын кеңейтеді.
«Біздегі жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған заманауи мұздатқыш камералардың сыйымдылығы 4 мың тоннаға жетеді. Сақтау орнына кіргізбес бұрын өнімдерді сұрыптаймыз, біздің сұрыптау залдарының сыйымдылығы шамамен 5 мың тонна өнімді құрайды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңгеден астам, оны іске асыруға біз өз қаражатымызды салдық, сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясының да қаржсысын алдық. Сонымен қатар екі мультимедиялық мұздатқыш және 10 млн тонналық азық-түлік сақтау залы бар. Біздегі қор өңірдегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін пайдаланылады, біз оларды үнемі толықтырып отырамыз», — деп атап өтті «Жан Арай» ЖШС құрылтайшысы Бақдәулет Махашов.
Еске сала кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапармен Қызылорда облысына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайында жаңа терминалдың ашылуына қатысты.