Қызылорда облысында есірткі өсірумен айналысқан 3 фитозертхана жойылды

зертхана
Фото: ҚР ҰҚК

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде облыста есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде«Нашақорлыққа жол жоқ» атты жоба жүзеге асырылып отыр.  

Жоба аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174 сотқа жолданған.

Сонымен қатар есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалары мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді. 

Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалғанғ, - делінген прокуратура хабарламасында.

Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 34 билборд, 835 брошюра парақшалары таратылды.

Жаңашыл шараларды бірлесіп орындау мақсатында облыстық прокуратурамен 31.10.2024ж. «Нашақорлыққа жол жоқ» мәселесі кеңейтілген Үйлестіру кеңесінде қаралып, облыс әкімі және облыс прокурорымен бірлескен жоспар бекітіліп, уәкілетті және қылмыстық қудалау органдарына бірнеше тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram