Қызылорда облысында газ жарылысынан күйік алған төрт жасөспірім үйге шығарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысында газ жарылысынан зардап шеккен төрт жасөспірім Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығынан үйіне шығарылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.   

Термиялық күйік
Фото: dobrobut.com

Зардап шеккен балалар 28 шілдеде дене бетінің 85% және 89% қатты күйіктермен шокқа қарсы қарқынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Дәрігерлер сонымен қатар токсемия сатысында III дәрежелі күйік шогы мен күйік ауруын анықтады, бұл іс жүзінде өмірмен үйлеспейді. 

«Үш апта бойы орталықтың реаниматологтары балалардың өмірі үшін күресті, реанимация жағдайында жағдайды тұрақтандыру үшін тәулік бойы қарқынды шокқа қарсы терапия жүргізілді, содан кейін пациенттер бейінді күйік бөлімшесіне ауыстырылды», — делінген хабарламада. 

Барлық төрт пациентке теріні трансплантаттау операциясы — аутодермопластика қажет болды.
Алматыдағы БШМКО комбустиологтары — Раджа Жұмаділдаев пен Гүлшарат Жүсіпқалиева күрделі операциялар сериясын орындады.

«Дәрігерлер пациенттердің өмірі үшін 83 күн бойы күресті. Тәулік бойы үш айға жуық мейіргерлер науқастың төсегінен алыс кетпеді және бұл өмір үшін күрес жеңіске жетті», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.  

Алматының Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында болған уақыттың ішінде барлық төрт пациентке жеке медициналық пост қамтамасыз етілді. 

Бүгінгі таңда емделуде қалған екі пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті, трансплантаттаулар толығымен қабылданды.

Кейіннен балалар тұрғылықты жері бойынша бақыланады, күтім жасау және одан әрі оңалту бойынша барлық ұсынымдар беріледі.

Бұған дейін хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасын әзірледі.