Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы қиындады

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысында жаңбыр жауып, артынан көктайғаққа ұласты. Салдарынан көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

полиция, закрыта дорога, көтайғақ, көлік қозғалысы
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 19:00-ден бастап «Самара-Шымкент» тас жолының Төретам мен Бәйгеқұм елді мекендеріне дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылған.

- Қазір полиция қызметкерлері жол бойында арнайы бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізушілеріне жолға шықпауын сұраймыз, - деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінен.

Қызылорда қаласы әкімдігі облыс орталығында көктайғаққа байланысты коммуналдық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оған арнайы техникалар жұмылдырылған. Қардан тазалау және көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға тұз аралас құм қоспасы себіліп жатыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полицейлер есірткі притонын жойды.

Соңғы жаңалықтар