18:32, 08 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы ақпарат жариялады.
– 2025 жылғы 8 желтоқсан сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін) қоғамдық және жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 9 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК осы аптада ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті.