Қызылорда облысында көше бойында тұрған жеңіл көлік толығымен өртеніп кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Оқиға Шиелі кентіне қарасты Көкшоқы мөлтек ауданында болған. 

өрт
Фото: pexels.com

«Шиелі ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Ө. Жарықбаев көшесінің бойында жеңіл автокөлік жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. Көше бойында «Kia Sportaqe» маркалы жеңіл автокөлігі құжаттарымен толығымен жанғаны анықталды. Өрт 13.12-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жабдықталмаған жағажайда шомылған екі бала Сырдарияға батып кетті.

Соңғы жаңалықтар